
2021 жылдың 30 наурызында ШҚМУ колледжінің бірінші директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Тайбогаров Серік Зайтанұлын еске алуға арналған «Жастар ғылым мен білімді шыңдаған, тәрбиемен ұштастырған болашақтың кепілі» студенттердің облыстық қашықтық онлайн-конференциясының қорытындысы шығарылды. Аталған конференция ШҚО білім басқармасымен және С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің Жоғары колледжімен бірлесіп 2021 жылғы 25 ақпан мен 29 наурыз аралығында өткізілді.
Конференцияға қатысушыларға С.Аманжолов атындағы ШҚУ ректоры, профессор Мұхтар Әділбекұлы Төлеген, ШҚО білім басқармасының өкілдері, тағы басқа құрметті қонақтар құттықтау сөз сөйледі.
Конференцияның мақсаты - колледж студенттерінің ғылыми, шығармашылық және зерттеушілік қабілеттерін анықтау, студенттердің ғылыми—зерттеу жұмыстарын жандандыру.
Конференция жұмысы 5 секция бойынша жүргізілді: «Әлеуметтік –экономикалық жаңғыру, халықтың әл-ауқатын арттырудың жаңа бағыттары мен міндеттері», «Қазақстан дамуының басты бағыты - педагогтік білім берудің жаңартылған үлгі нысандарын қалыптастыру», «Жаратылыстану зерттеулерінің қазіргі тенденциялары мен мәселелері», «Болашаққа нақты қадам - тарихи және мәдени дәстүрлерді дәріптеу, қолдану, насихаттау», «Заманауи сандық - ақпараттық технологияны меңгеру – болашақ кәсіби маманның бір қыры».
Конференция қорытындысы бойынша әр секцияның жеңімпаздары мен жүлдегерлері және номинанттары анықталды.