«Заманауи технологиялары «Математика», «Физика» және «Информатика» пәндерін оқытуда білім беру сапасын басқару құралы ретінде» онлайн-семинарының БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

«Заманауи технологиялары «Математика», «Физика» және «Информатика» пәндерін оқытуда білім беру сапасын басқару құралы ретінде»                                   онлайн-семинарының 	БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығының жылдық жоспарына сәйкес облыстың шағын жинақты мектеп мұғалімдеріне арналған  «Заманауи технологиялары «Математика», «Физика» және «Информатика» пәндерін оқытуда білім беру сапасын басқару құралы ретінде» онлайн-семинарын өткізеді.

Семинардың мақсаты – жаңартылған білім мазмұны жағдайында шағын жинақты мектептерде пәндерді оқыту бойынша заманауи технологияларды қолдану және әдістемелік көмек көрсету.

Онлайн-семинар барысында математика, физика және информатика пәні мұғалімдері:

Кайынбаева Н.А., Ұлан ауданының «Украинская орта мектеп - балабақша кешені» КММ информатика пәні мұғалімі;

Чекина А.А., Катонқарағай ауданының «Ново-Хайрузовка орта мектебі» КММ математика, информатика пәні мұғалімі өз тәжірибелерімен бөліседі.

Онлайн-семинар 2021 жылдың 6 сәуірінде өтеді.

Өткізу уақыты: қазақ және орыс тілдерінде оқытатын мектептер үшін сағат 15.00-де.

Модератор: Желпакова Айгуль Халелевна, оқыту мазмұны және білім беру сапасы мониторингі кабинетінің әдіскері, 87774966377.