
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы 2021 жылдың 29 наурызында көктемгі каникул кезіндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде Шығыс Қазақстан облысының мектепке дейінгі ұйымдары мен шағын орталықтарына арналған «Шығармашылық: баланың қиялы мен жеке тұлғасы» практикалық-семинарын өткізді.
Семинар мақсаты – мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында заманауи педагогикалық технологияларды пайдалана отырып тәрбиелеу мен оқыту ісін жоғарғы деңгейге көтеру және тәрбиеленушілердің шығармашылық қабілетін дамыту.
Онлайн-семинарда Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№18 «Еркетай» балабақша-бөбекжайы КМҚК бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі Жунусова Айжан Еркиновна; Семей қаласы «Нұр-Дәулет» балабақшасы ЖШС бейнелеу өнері пәнінің оқытушысы Қыдыралина Әсем Жұмағалиевна; Семей қаласы №9 «Айгөлек» балабақша бөбекжайы» КГКП бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі Шаяхметова Светлана Сериковна; Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№61» психикалық дамуы тежелген балаларға арналған балабақша» КММ бейнелеу өнері пәнінің оқытушысы Иванова Елена Викторовна шеберлік-сыныптарын көрсетті.
Семинар соңында кері байланыс ұйымдастырылып, қатысушылар қойылған сұрақтарына жауаптар алды және бейнелеу өнері пәні бойынша балалардың шығармашылығынг дамытудың әдіс-тәсілдері туралы ұсынымдар алды.
Модератор: ШҚО ББ «Шығыс» өңірлік орталығының мектепке дейінгі, мектепалды, бастауыш кабинетінің меңгерушісі Какетаева Динара Аскербековна, 87772256621.