
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы Өскемен қаласының «Педагогикалық шеберлік орталығымен» бірлесіп 2021 жылдың 29 наурызында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, педагог-психологтер, әлеуметтік педагогтер, тәлімгерлер мен сынып жетекшілер үшін «Мектепте қауіпсіз және қолайлы орта құру: буллинг және кибербуллингтің алдын алу» облыстық семинар-практикум өткізді.
Семинардың мақсаты - кәмелетке толмағандар арасында буллингтің, кибербуллингтің алдын алу, «тәуекел тобындағы» балаларды ерте анықтау және оларға көмек көрсету мәселелері бойынша педагогтерге әдістемелік қолдау көрсету.
Онлайн - семинарда сөз сөйлегендер:
Кукина Ю.Е., «С. Аманжолов атындағы ШҚУ» психология және коррекциялық педагогика кафедрасының доценті, сарапшы-тренері;
- Усенова Д.Э., Өскемен қаласы «Педагогикалық шеберлік орталығы» менеджер-әдіскері;
- Пак В.С., Өскемен қаласы «Педагогикалық шеберлік орталығы» менеджер-әдіскері.
Семинарға 300-ден астам педагог қатысып, жасөспірімдер ортасында буллинг, кибербуллинг, грумингтің алдын алу мәселелері бойынша алдын алу, түзету және дамыту жұмыстарының стратегияларымен таныстырылды.
Модератор: Кубентаева Ардак Курмангазиновна, ШҚО ББ «Шығыс» ӨО тәрбие жұмысы бойынша кабинетінің меңгерушісі м.а.