
2021 жылғы 26 наурызда ШҚО білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы аудандардың шағын жинақты мектептері директорларының және директорлардың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған онлайн режимде «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында шағын жинақты мектепті басқару» әдістемелік онлайн-семинар өткізді.
Семинардың мақсаты: сапалы білімді арттырудың тиімді жолдары және оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру бойынша шағын жинақты мектепті басқару тәжірибесін зерделеу, жинақтау және тарату.
Іс-шараға мектеп директорлары, директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, барлығы 100 адам қатысты.
Семинар барысында: «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысының білім саласындағы бақылау департаменті» ММ басшысының орынбасары Камбетов Жұмабек Зиябекович «Жаңартылған білім мазмұны шеңберіндегі нормативтік құжаттамамен жұмыс» тақырыбында сөз сөйледі;
Рамазанов Қайрат Тоқтаубаевич, Күршім ауданының «Тақыр негізгі орта мектебі» КММ директоры «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында ШЖМ-де оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау»;
Абдикаримов Ермек Маулитович, Бородулиха ауданының «М. Әуезов атындағы орта мектебі» КММ директоры «Шағын жинақты ауыл мектептері жағдайында мектепішілік бақылауды ұйымдастыру ерекшеліктері»;
Рахымбердинов Архат Ахметоллаевич Ұлан ауданының «Қ.Қайсенов атындағы орта мектебі» КММ директоры «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында шағын жинақты мектептің жылдық оқу-тәрбие жоспары барысында мектептің даму жоспарын әзірлеу» тақырыбтарында іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар аясында қатысушылар ШЖМ оқу-тәрбие жоспарын жоспарлаудың ерекшелігі бойынша мәселелерді талқылап, мектеп құжаттамасын жүргізу, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру бойынша пікір алмасты және әдістемелік көмек алды.
Семинарға қатысушылар талқыланған мәселелер мен проблемалардың маңыздылығы мен өзектілігін, сондай-ақ осы әдістемелік онлайн-семинарлардың практикалық пайдалылығын атап өтті.
Модератор: ШҚО ББ «Шығыс» ӨО білім беру менеджменті кабинетінің әдіскері Бошаева Гульнара Манашевна.