«Оқуға құштар мектеп» жобасын жүзеге асыру аясында «Оқу сауаттылығын дамытудың әдіс-тәсілдері» облыстық онлайн семинар-практикум

«Оқуға құштар мектеп» жобасын жүзеге асыру аясында   «Оқу сауаттылығын дамытудың әдіс-тәсілдері»  облыстық онлайн семинар-практикум

ШҚО білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы көктемгі демалыс кезіндегі іс-шаралар жоспары аясында 2021 жылдың 26 наурызында «Оқуға құштар мектеп» жобасын жүзеге асыру негізінде «Оқу сауаттылығын дамытудың әдіс-тәсілдері» «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінің жұмыс тәжірибесін тарату облыстық онлайн семинар-практикумын өткізді.

Іс-шараның мақсаты - облыс мектептерінің кітапханашыларына практикалық және әдістемелік көмек көрсету, Өскемен және Семей қалаларының «БІЛІМ ИННОВАЦИЯ» лицейінің жұмыс тәжірибесін жинақтау және тарату.

Семинар барысында Семей қаласының «БІЛІМ ИННОВАЦИЯ» лицейі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жарылғасина Айгул Маратқызы «Кітап-жан азығы»; Өскемен қаласының «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Алмаганбетов Жасұлан Сабирович «Кітап - ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына» тақырыбында жұмыс тәжірибелерімен бөлісті.

Шараға 100-ден астам аудандық, қалалық білім бөлімдерінің кітапхана жұмысына жетекшілік ететін әдіскерлері мен жалпы білім беретін мектептердің кітапханашылары қатысты.

Модератор: Кубентаева Ардак Курмангазиновна, ШҚО ББ «Шығыс» ӨО тәрбие жұмысы бойынша кабинетінің меңгерушісі м.а.