«Оқу сауаттылығын дамыту әдістері мен тәсілдері» тақырыбындағы онлайн-семинар

«Оқу сауаттылығын дамыту әдістері мен тәсілдері» тақырыбындағы  онлайн-семинар

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы 2020-2025 жылдарға арналған «Оқылым мектебі» жобасы аясында оқушылардың оқу сауаттылығын дамытудың кешенді жоспарын іске асыру барысында 2021 жылдың 26 наурызында көктемгі каникул кезіндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде «Оқу сауаттылығын дамыту әдістері мен тәсілдері » тақырыбында онлайн –семинар өткізді.

Семинардың мақсаты – оқу мәртебесін арттыру, оқу белсенділігі және оқу сапасын арттыру, балалардың мәдени және оқу құзыреттілігін дамыту, бастауыш сынып оқушылары арасында жоғары азаматтық және рухани-адамгершілік нұсқауларды қалыптастыру.

Семинар барысында «Математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей» КММ бастауыш сынып мұғалімдері, «Үздік педагог-2019, 2020» байқауының жеңімпаздары, педагог-шеберлер Тинькова С. Ю және Н.В.Мельникова өз іс-тәжірибесімен бөлісті, Өскемен қаласы №39 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Александрова Оксана Васильевна шебер сынып көрсетті.

Семинар соңында кері байланыс ұйымдастырылып, қатысушылар қойылған сұрақтарына жауаптар алды және оқу сауаттылығын дамыту әдістері мен тәсілдерін  1,2,3,4 сыныптарда қалай қолдану туралы ұсынымдар алды.

Модератор: ШҚО ББ «Шығыс» өңірлік орталығының мектепке дейінгі, мектепалды, бастауыш кабинетінің меңгерушісі Какетаева Динара Аскербековна.