Облыстық «Жиынтық бағалау тапсырмаларын құрастыру ерекшеліктері» онлайн-семинары

Облыстық «Жиынтық бағалау тапсырмаларын құрастыру ерекшеліктері» онлайн-семинары

2021 жылғы 25 наурызда ШҚО білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы көктемгі каникул кезіндегі іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру барысында онлайн-режимде «Жиынтық бағалау тапсырмаларын құрастыру ерекшеліктері» семинарын өткізді.

Семинардың мақсаты – жаңартылған білім беру мазмұны аясында жиынтық бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу және сараптау бойынша педагогтердің кәсіби деңгейін арттыру, пән мұғалімдері арасында тәжірибе алмасу.

Онлайн-семинарда ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің мектептерінің мұғалімдері:

Сыгаева Гаухар Турсынгалиевна, «Шоқан Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейі» КММ география пәні «Білім сапасын арттырудағы жаратылыстану пәндерінен жиынтық бағалау тапсырмаларын құрастыру»;

Мучкина Юлия Николаевна, «№8 орта мектебі» КММ химия және биология пәні мұғалімі «Разработка СОР и СОЧ по химии и биологии  в условиях дистанционного обучения»;

Тугельбаева Арайлым Тугельбайқызы, «№46 орта мектебі» КММ география пәні мұғалімі «География пәні бойынша тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларын дайындау ерекшеліктері»;

Пономарева Марина Владимировна, «№19 қосымша білім беру мектеп-орталығы» КММ биология пәні мұғалімі «Составление заданий СОР и СОЧ по биологии» тақырыптарында іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Іс-шараға облыстың жалпы білім беретін мектептерінің 100 биология, химия және география мұғалімдері қатысты.

Семинар соңында кері байланыс ұйымдастырылып, қатысушылар қойылған сұрақтарына жауаптар алды және жиынтық бағалау тапсырмаларын құрастыру жөнінде ұсынымдар алды.

Модератор: Нұрбекова Аяулым Нұрбекқызы, ШҚО ББ «Шығыс» ӨО оқыту мазмұны мен білім беру сапасы мониторингі кабинетінің биология пәні бойынша әдіскері.