
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы 2021 жылғы 17 наурыз күні облыстың жалпы білім беретін мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған «Абайтану» курсы аясында Абайтану ғылымын оқытудың жолдары мен әдістемесі» тақырыбында онлайн-семинар өткізді.
Шараның мақсаты – «Абайтану» курсы аясында Абайтану ғылымын оқытудың жолдары мен әдістемесі негізінде тәжірибе алмасу, пән мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету.
Семинарда жалпы білім беретін ұйымдарының 5-8 сыныптарына арналған «Абайтану» курсы бойынша аймақтық оқу бағдарламасы мен мұғалім кітабының авторлары Семей қаласы бойынша білім бөлімінің «Т. Аманов атындағы №16 орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-шебер Кунафина Гулнар Агзамовна, Глубокое ауданы бойынша білім бөлімінің «Опытное поле орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, филолгоия магистрі Абежанова Бигуль Маташовна 5-8 сыныптардағы «Абайтану» элективті курсын оқытудың жолдары мен әдістемесін теориялық және практикалық тұрғыда іс-тәжірибелерімен бөлісіп, бағдарлама бойынша әр тақырыптарға жеке тоқталды.
Шараға аудандық, қалалық және облыстық білім беру ұйымдарынан қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің 100 мұғалімі қатысты.
Тәжірибелік алаң соңында кері байланыс ұйымдастырылып, қатысушылар сұрақтарына жауап қатарылды.
Жауапты: ШҚО ББ «Шығыс» ӨО оқыту мазмұны және білім беру сапасы мониторингі кабинетінің әдіскері Сабиева Р.С.