Білім беру ұйымдарындағы «Мектептік/студенттік парламент»

Білім беру ұйымдарындағы  «Мектептік/студенттік парламент»

Мектептегі өзін-өзі басқару - бұл әр оқушы өз орнын анықтап, өзінің қабілеттері мен мүмкіндіктерін жүзеге асыра алатын бірлескен және тәуелсіз өмір сүру режимі.

2021 жылғы 16 наурызда ҚР БҒМ РОӘҚББО ұйымдастыруымен мектептегі өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру мәселесі бойынша вебинар өтті.

Вебинар барысында Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында білім алушылардың өзін-өзі басқару органдарын дамытудың "Мектептік/студенттік парламент" тұжырымдамасы талқыланды.

Вебинар жұмысына Нұр-Сұлтан қаласы мен Қарағанды облысының педагогикалық қауымдастығы қатысты.

Мектептегі өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру бойынша тәжірибе алмасу мақсатында республикалық алаңда Семей қаласының №49 жалпы білім беретін орта мектебінің директоры Гүлфариза Темірбайқызы Тоқтубаева "Мектеп ұжымындағы өзін-өзі басқару-оқушының әлеуетін дамытудың және оның жеке басын жетілдірудің қажетті құралы ретінде" тақырыбы бойынша сөз сөйледі.

Гүлфариза Темірбайқызы мектебінде 7 бағыт бойынша жұмыс істейтін "Жас Ұлан" мектеп ұйымының жұмысын атап өтті: "Отан", "Зерде", "Руханият", "Салауат", "Экоәлем", "Жеті жарғы","Еңбек", үйірме және клуб жұмыстарына тоқталды: Жасыл Ел, парасат мектебі, Адал ұрпақ, Асыл әже, ЖҚИ, ЖПК, Қолғанат, жас барлаушы, дебат клубы, мектептің баспасөз қызметі.

8 фракциядан тұратын және өзара көмек және сенім, шешім қабылдау ұжымшылдығы, білім алушылардың құқықтары мен мүдделерінің басымдығы қағидаттарында құрылған мектеп Парламентінің құрылымын таныстырды.