Суицидтің алдын алу бағдарламасы бойынша колледждердің педагог-психологтарды оқыту

Суицидтің алдын алу бағдарламасы бойынша колледждердің педагог-психологтарды оқыту

Суицидтік әрекеттердің алдын алу мақсатында ШҚО педагог-психологтарының Облыстық Әдістемелік Бірлестігі аясында 2021 жылы наурыз айының 11 күні ТжКБ бөлімінің бас маманы Г.Б. Ильясованың басшылығымен студенттер арасында суицидтің алдын алу қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған "ШҚО-да суицидтің алдын алу бағдарламасы бойынша педагог-психологтарды оқыту" вебинары ұйымдастырылды

Вебинарды ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің "Оқушылар шығармашылық сарайы" КМҚК әлеуметтік-психологиялық қызметінің басшысы, педагог-психолог, жаттықтырушы Л.П. Куземко өткізді.

Вебинар бағдарламасымен ОМО жетекшісі Ж. С. Жуасбек таныстырды.

Г.Б. Ильясова ТжКБ жүйесінің оқу орындарында суицид бойынша атқарылған профилактикалық жұмыстарға талдау жүргізді, орындалған суицид және суицидке әрекеттену оқиғалары кезінде құжаттаманы рәсімдеу қағидалары туралы айтып берді.

Вебинар барысында Л.П. Куземко кәмелетке толмағандар арасында суицидтің алдын алу бағдарламасын іске асыру бойынша нормативтік-регламенттік құжаттармен, суицидтің алдын алу қызметтерін ұйымдастыруға арналған әдістемелік ұсынымдармен, оқушылармен жұмыс кезеңдерімен таныстырды. Сондай-ақ «вахтерларды» яғни білім беру мекемесінің қызметкерлерін оқыту нұсқаулығымен таныстырды. Вебинардың соңында педагог-психологтар сұрақтар қойып, практика жағдайларын талқылады, ұсыныстар алды.