«Абайтану» курсы аясында Абайтану ғылымын оқытудың жолдары мен әдістемесі» тақырыбындағы онлайн-семинардың БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

«Абайтану» курсы аясында Абайтану ғылымын оқытудың жолдары мен әдістемесі» тақырыбындағы онлайн-семинардың  БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы 2021 жылғы 17 наурыз күні облыстың жалпы білім беретін мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған ««Абайтану» курсы аясында Абайтану ғылымын оқытудың жолдары мен әдістемесі» тақырыбында онлайн-семинар өткізеді.

Шараның мақсаты – «Абайтану» курсы аясында Абайтану ғылымын оқытудың жолдары мен әдістемесі негізінде қазақтың бас ақыны, Ұлы Абай шығармашылығындағы жалпыадамзаттық құндылықтар ілімін дәріптеу, ақындық болмысын, ақындық биік мұрат, адамгершілік идеяларын таныту, бүгінгі күні шығармаларының орны мен сөз өнеріндегі Абай және қазіргі қазақ әдебиетінің рухани байланысын ғылыми негізде пайымдау, ақын шығармаларын саралау.

Семинарда Семей қаласы бойынша білім бөлімінің « Т. Аманов атындағы №16 орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-шебер Кунафина Гулнар Агзамовна, Глубокое ауданы бойынша білім бөлімінің «Опытное поле орта мектебі»КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, филолгоия магистрі Абежанова Бигуль Маташовна 5-8 сыныптардағы «Абайтану» ғылымын оқытудың жолдары мен әдістемесін теориялық және практикалық тұрғыда іс-тәжірибелерімен бөлісіп, жаңа бағдарлама бойынша әр тақырыптарға жеке тоқталады.

Шараға аудандық, қалалық және облыстық білім беру ұйымдарынан қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің 100 мұғалімі қатысады.

Өтетін күні мен уақыты: 2021 ж., 17 наурыз, сағат 14.30.

Семинар ZOOM платформасында өткізіледі.