
Шығыс-Қазақстан облысының білім беру ұйымдарының директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілері, психологтары 2021 жылғы 13 наурызда "Кәсіби психологиялық Лига" ҚБ (Нұр-сұлтан қ., ҚР) "Білім беру психологтарының Федерациясымен" ЖШҚ (Мәскеу қ., РФ) бірлесіп ұйымдастырған "Аутодеструктивті мінез-құлықты балалар мен жасөспірімдерді психологиялық сүйемелдеу: болмысы, проблемалары және шешу жолдары" тақырыбы бойынша Ресейден психологиялық-педагогикалық қызметтің жетекші мамандары мен білім беру ұйымдарының сарапшыларын тарта отырып, халықаралық конференцияға онлайн қатысты. Тыңдаушылар психологиялық қызметтің ерекшеліктері, "тәуекел тобындағы" кәмелетке толмағандармен жұмыс істеу дағдылары, оларға психологиялық көмек көрсету бойынша теориялық білім мен практикалық ұсыныстар алды. Сондай-ақ, РФ мен ҚР-да суицидтік тәуекелдің алдын алудың өзекті мәселелері, оқу-әдістемелік мазмұнның негізгі бағыттары қаралды, диагностикалық және түзету бағдарламаларын іске асыруда ұсыныстар алды.