
2021 жылдың 24-28 ақпан аралығында дене шынықтыру мен спортты одан әрі жаппай дамыту, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, ірі халықаралық жарыстарға спортшыларды іріктеу мақсатында Нұр-Сұлтан қаласында конькимен мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан Республикасының
X қысқы оқушылар гимназиадасы өтті. Шығыс Қазақстан облысы атынан
4-9 сыныптардың 9 оқушысы қатысты.
Жарыстарға қатысу қорытындылары бойынша:
Өскемен қаласының «№ 19 қосымша білім беру мектеп-орталығы» КММ, 7 сынып оқушысы Мухаметкаирова София II орын алды;
Өскемен қаласының «№ 11 мектеп-лицейі» КММ, 4 сынып оқушысы Хуцураули Русудан – III орын.
Командалық есеп қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысының командасы төртінші орынға ие болды.
Спортшыларымызды жеңісімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта табыстар мен жеңістер тілейміз!