Жас педагогтерге арналған «Сабақта пәнаралық байланысты қалай қамтамасыз ету керек?» кезекті онлайн- кездесу

Жас педагогтерге арналған  «Сабақта пәнаралық байланысты қалай қамтамасыз ету керек?»  	кезекті онлайн- кездесу

2021 жылдың 3 наурызында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы мен «Педагогикалық шеберлік орталығы» ЖМ Өскемен қаласындағы филиалының ұйымдастыруымен жылдық жоспарға сәйкес үш жылға дейін педагогикалық еңбек өтілі бар  жас педагогтерге арналған «Сабақта пәнаралық байланысты қалай қамтамасыз ету керек?» тақырыпта үшінші онлайн-кездесу өткізілді.

Кездесу мақсаты - пәнаралық байланысты жүзеге асыру үшін пәндер бойынша оқу бағдарламаларының мүмкіндіктерін талқылау, интеграцияланған сабақты ұйымдастырудың тәсілдерін ұсыну, әдістемелік көмек көрсету.

Кездесу барысында Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының тренерлері – Е.А.Марченко, Д.А. Адильжанова, К.К. Бурунбетова, Усенова Д.Э., Мельникова Н.В білім мазмұнын жаңарту жағдайындағы горизонтальды және вертикальді жоспарлау арқылы пәнаралық байланыстарды ұйымдастыру жолдарын талқылады.

Спикерлер қатысушылармен бірге бастауыш және жоғары сыныптардың оқу пәндерінде кездесетін ортақ тақырыптар негізінде бірқатар мысалдар қарастырып, оқытуда пәнаралық байланысты жүзеге асыру жолдарын ұйымдастыру бойынша пікір алмасты.

Шараға облыстың білім беру ұйымдарынан қатысқан 400-ден аса жас маман өздерінің кәсіби дамуына қажетті сұрақтар бойынша көптеген тың мәліметтер алып, өзекті мәселелерді талдауда белсенділік танытты.

Кездесу соңында қатысушыларға тақырып бойынша  сауалнама ұсынылып, жауап алынды. Ұйымдастырылған кері байланыста жас педагогтер алған білімдерін тәжірибеде қолданатындарын атап, ризашылқтарын білдірді.

Жас педагогтерге әдістемелік қолдау көрсету мақсатындағы кезекті төртінші кездесу ағымдағы жылдың сәуір айында жалғасын табады.