ШҚО білім басқармасымен 2019 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде оқушылар арасында жанжал жағдайлары мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Шығыс Қазақстан облыстық соты және «Альтернатива «Шығыс Қазақстан медиация және құқық орталығы» ҚБ арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасалды және «Мектеп медиация қызметі» жобасы іске асырылды.
2021 жылғы 3 наурызда 2021 жылға арналған ШҚО балаларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ведомствоаралық кешенді жоспарды іске асыру аясында «Шығыс Қазақстан «Альтернатива» медиация және құқық орталығымен» бірлесіп, білім беру мекемесінде жанжалдар мен құқық бұзушылықтарға ден қоюдың қалпына келтіру тәсілін дамыту мақсатында қалалар мен аудандардың білім бөлімдерінің әдіскерлері және мектеп медиация қызметінің басшылары үшін «Мектептік медиация қызметтерін ұйымдастыру және сүйемелдеу» тақырыбында облыстық онлайн семинар өткізді.
Семинар барысында "Альтернатива" ҚБ жетекшісі Аксана Александровна Каленова мектеп медиациясы қызметін дамытудың әдістемелік, ұйымдастырушылық, құқықтық аспектілері туралы, жалпы медиация жанжалдарын реттеу тәсілі ретінде туралы айтып берді. Қатысушылар жанжалдарды шешу жолдары мен сценарийлерін, медиатор жұмысының ерекшеліктерін талқылады.
2021 жылға арналған бірлескен жоспарға сәйкес кәсіби медиаторлар білім беру мекемелерінің мектеп медиация қызметінің мұғалімдері мен мамандары үшін, оқушылар мен олардың ата-аналары үшін онлайн режимінде тренингтер және кеңестер өткізуді жоспарлап отыр.