Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған Шығыс Қазақстан облысының білім беру ұйымдарындағы «Ұлы дала жыршысы» БІРЫҢҒАЙ КҮНІ

Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған  Шығыс Қазақстан облысының білім беру ұйымдарындағы  «Ұлы дала жыршысы» БІРЫҢҒАЙ КҮНІ

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы «Шығыс» өңірлік орталығының жоспарына сәйкес, арнайы әзірленген тұжырымдама негізінде 2021 жылғы 26 ақпанда облыстың жалпы білім беру ұйымдарында 1-11 сынып оқушылары арасында Ұлы ақын, қазақ поэтикалық өнерінің шебері Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған «Ұлы дала жыршысы» бірыңғай күні өтті.

Іс-шараның мақсаты: екі ғасыр куәгері, аты аңызға айналған ақын, қазақ халық поэзиясының көрнекті қайраткері, ақындық айтыскер Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығын насихаттау.

Бірыңғай күн мектептің жұмыс режиміне сәйкес онлайн және оффлайн форматта ұйымдастырылды.

Бірыңғай күн барысында облыстың барлық жалпы білім беру ұйымдарында «Ұлы даланың жыршысы» салтанатты жиыны, «Жамбыл сүйген ән-күйлер» мерекелік концерттері, «Жүз жасаған бәйтерек» сынып сағаттары, «Жамбылға жаңаша көзқарас» дебаттары, «Жыр алыбы Жамбыл» кітап көрмелері, «Ұлы Жамбыл» суретшілер конкурстары, 8-11 сынып оқушыларының қатысуымен өткен «Ұлыдан ұлағат алған ұрпақ» жас ақындар сайысы жарқын және есте қаларлықтай өтті.

 «Ленинградтық өрендерім!» жазушының шығармаларын сахналау,  «Жамбыл Жабаевтың ҰОС қосқан үлесі» «Жамбылдың даңқы, тарғыл жолдары» тақырыптарында дөңгелек үстел, «Мен Жамбылды оқимын» мәнерлеп оқу челленджі, «ХХ ғасырдың Гомері» викторинасы, «The best presentation about the work of Zhambyl Zhabayev» ағылшын тіліндегі бейнетаныстырылымдар конкурсы, «Field of dreams» зияткерлік ойыны, «Жамбыл - ғасыр ақыны» поэмасы туралы бейнероликтер конкурстары өтті.

Аталған іс-шаралар  ақынның таланты арқылы оқушыларды өз Отанының нағыз патриоты  болуға, шығармашылық мазмұны арқылы бойларына ізгілікті қалыптастыруға және ақынның рухани-бай тұлғасын танып, сөз өнеріне баулыды.

Облыстағы білім беру ұйымдарында өткізілген барлық шаралар мазмұнды және танымдық-тәрбиелік мәнге ие болды.

Ақыл-ойдың алғыры –Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерекеге арналған шаралар жыл соңына дейін жалғасын табады.