«Құқықтану» мамандығы бойынша оқитын облыс колледждерінің студенттері арасында «Білікті заңгер» облыстық онлайн-байқауы

«Құқықтану» мамандығы бойынша оқитын облыс колледждерінің студенттері арасында «Білікті заңгер» облыстық онлайн-байқауы

2021 жылдың ақпан айында ШҚО білім басқармасының басшылығымен жоғарғы ҚАЕУ колледжі қоғамдық пәндер  ОӘБ  желісінде «Құқықтану» мамандығы бойынша оқитын облыс колледждерінің студенттері арасында «Білікті заңгер» облыстық онлайн-байқауын өткізді. Онлайн-байқауға облыстың 5 колледжінен 11 студент қатысты.

Байқаудың мақсаты мен міндеттері: қоғамның құқықтық мәдениетін дамытуға және нығайтуға ықпал ету, заң мамандығын игеруге деген қызығушылықты қолдау, колледждердің талантты, бәсекеге қабілетті студенттері - болашақ заңгерлерді анықтау және ынталандыру.

Байқау 3 кезеңде өткізілді. 1-кезең а.ж. 19 ақпанда онлайн-қосымшада тестілеу нысанында өткізілді. Тестілеу нәтижелері негізінде 2-кезеңге өткен қатысушылар іріктелді.  Конкурстың екінші және үшінші кезеңдері 2021 жылғы 25 ақпанда ZOOM платформасында онлайн-форматта өтті. Байқаудың 2-кезеңінде қатысушылар құқық салалары (қылмыстық, азаматтық, еңбек) бойынша мәселелік тапсырмаларды орындады. 3-кезеңде финалистер «Менің мамандығым-менің мақтанышым!» -  тақырыптық  бейнероликтерін көрсетіп қорғады.

Қатысушылардың жұмысын  облыстың сот-құқықтық жүйесінің қызметкерлері және арнайы пәндер оқытушыларынан құрылған құзыретті қазылар алқасы бағалады.

Байқау жеңімпаздары ШҚО кәсіптік білім беру орталығының  дипломдарымен марапатталды:

1 орын- Д.Д. Тілеуғазиева, Innovative college;

2 орын- Э. А. Пак,  Қ. Нұрғалиев атындағы колледжі;

3 орын – А. М. Алибаев, ҚАЕУ жоғары колледжі.

Үш студент номинация бойынша марапатталды:

 «Үздік теориялық білімі бойынша» - А. А. Адылбек,  С. Аманжолов атындағы ШҚУ жоғары колледжі;

«Үздік заңгер-кеңесші» - А. Д. Запорожец, К. Нұрғалиев атындағы колледжі;

«Үздік бейнеролик» - В.П. Скоснягина, С. Аманжолов атындағы ШҚУ жоғары колледжі.