
2021 жылғы 24 ақпан және 01 наурыз аралығында ШҚО білім басқармасымен ТжКБ жүйесі оқу орындарының студенттері арасында орыс тілі пәні бойынша облыстық қашықтық олимпиадасының қорытындысы шығарылды. Олимпиада тілдік пәндер оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмыс жоспарына сәйкес өткізілді. Қашықтықтан өткен олимпиадаға колледждердің 20-ға жуық студенті қатысты.
Олимпиада мақсаты: студенттердің зияткерлік дамуын ынталандыру және қолдау көрсету. Орыс тілі пәні бойынша облыстық қашықтық олимпиадасы 2 турда өткізілді. Бірінші кезең тестілеу түрінде өтті. Олимпиаданың 1-ші турының қорытындысы бойынша 12 қатысушы екінші турға өтті. 2-ші турда студенттер берілген тақырыпта эссе жазды. Олимпиаданың 2 турының қорытындысы бойынша келесі жүлделі орындар анықталды:
І орын – Жанел Айдарбековна Кадырбаева («Бизнес және сервис колледжі» КМҚК);
ІІ орын – Марина Сергеевна Шабалина («Алтай жоғары колледжі» мекемесі), Янна Александровна Рыльская («Серебрянск технологиялық колледжі» КММ);
ІІІ орын – Карина Флорисовна Хасанова («Құмаш Нұрғалиев атындағы колледжі» мекемесі), Танирхан Меркаш («Жарма технологиялық колледжі» КММ).
Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз!