
2021 жылы 23 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы білім алушылардың пәндік және жалпы оқу дағдыларын білудегі олқылықтарды қалпына келтірудің 2020-2021 оқу жылына арналған жоспарын іске асыру аясында «Жаратылыстану пәндерін оқытуда инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану» облыстық онлайн-семинарын өткізді.
Семинардың мақсаты – химия, биология пәндерін оқытудағы білімдегі олқылықтарды жоюда инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану бойынша тәжірибе алмасу.
Онлайн-семинарға «Биология», «Химия» пәні мұғалімдерінің қауымдастығының төрағалары, облыстың білім беру ұйымдарының және мамандандырылған білім беру ұйымдарының биология-химия пән мұғалімдері барлығы 100 адам қатысты.
Семинар барысында Семей қаласының мұғалімдері:
Адильбаева Асем Еркеновна, химия пәні мұғалімі және Сыгаева Ляззат Заманбековна физика пәні мұғалімі, «№32 орта мектебі» КММ, «Қашықтан оқытуда тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы білім сапасын арттыру» кіріктірілген сабақ;
Шәріпхан Алма Ермекқызы, «Ыбырай Алтынсарин атындағы № 37 гимназиясы» КММ химия пәні мұғалімі «Қашықтан оқытуда химия пәнінен зерттеу сабағын ұйымдастыру кәсіби біліктілікті арттырудың тиімді құралы»;
Саяхова Гульмира Толеубековна, «№22 мектеп-лицей» КММ биология пәні мұғалімі «Биология пәнін қашықтықтан оқытудың жаңаша үрдісі»;
Башенова Айнұр Дәуітбекқызы, «Ыбырай Алтынсарин атындағы № 37 гимназиясы» КММ химия пәні «Химия пәнін ағылшын тілінде оқытуда оқушылардың пәндік және тілдік дағдыларын қалыптастыру» тақырыптары бойынша оқушылардың ынтасы мен білім сапасын арттыру мақсатындағы сабақта қолданған оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерімен бөлісті.
Семинардың қорытынды бөлімінде ұйымдастырылған кері байланыс арқылы қатысушылар шараның маңыздылығын атап, пікірлерімен бөлісті. Қатысушыларға болашақта білімдегі олқылықтарды қалпына келтіру бойынша әдістемелік ұсыным берілді.
Модератор: Нұрбекова Аяулым Нұрбекқызы, ШҚО ББ «Шығыс» ӨО оқыту мазмұны мен білім беру сапасы мониторингі кабинетінің биология пәні бойынша әдіскері.