Облыстың қалалары мен аудандарының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияның босатылған хатшыларымен өткізілген ұйымдастыру кеңесінің қорытындысы

Облыстың қалалары мен аудандарының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияның босатылған хатшыларымен өткізілген ұйымдастыру кеңесінің қорытындысы

Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы 2021 жылғы 19 ақпанда кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның қызметін сапалы ұйымдастыру және әдістемелік көмек көрсету мақсатында босатылған хатшылар үшін уәкілетті орган өкілдерін шақыра отырып, онлайн режимде кеңес өткізді. Кеңес жұмысына Шығыс Қазақстан облысының №1 кәмелетке толмағандар істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Сания Мутанқызы Тұтқанбаева және Полиция департаментінің ЖПҚБ ювеналды полиция тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Айгерім Ержомартқызы Бейсембаева қатысты.
Күн тәртібінде комиссия жұмысының негізгі мәселелері қаралып, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның Типтік ереже жобасы және хатшылардың лауазымдық нұсқаулықтарының жобалары ұсынылып, талқыланды.
Кеңес барысында спикерлерге кәмелетке толмаған балалардың істерін қарау бойынша проблемалық сұрақтар қойылып, тұжырымды жауаптар берілді.