
«Өзін-өзі тану» - сүйіспеншілік және шығармашылық педагогикасы» республикалық онкүндігі шеңберінде ШҚО ТжКБ жүйесінің оқу орындарымен келесі іс-шаралар өткізілді: «Мейірімділік сәулесі» шығармашылық акциясы, «Сүйіспеншілік сабағы» педагогикалық фестивалі, «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасының авторы Сара Алпысқызы Назарбаеваның қызметі туралы «Мейірім төгетін ана» кітап көрмесі, «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасы авторының «Адамгершілік-рухани өсудің 12 сатысы» дәйексөздер стендінің көрмесі, «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасының авторы туралы фильмдердің көрсетілімі (бейнероликтер), «Асыл жүрек» фотокөрмесі, «Сүйіспеншілікке толы жүрек» эссе байқауы. Сондай-ақ, ата-аналар үшін «Отбасы – адамгершілік пен руханилықтың қайнар көзі» атты тренинг өткізілді. Көпбалалы, аз қамтылған отбасылардан шыққан және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға көмек көрсету үшін «Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.
«Адамгершілік-рухани білім болашақ маманның даму факторы ретінде» тақырыбындағы республикалық ғылыми-практикалық семинар барысында М. Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің 3 курс студенті Хурманбай Алмагүл «Өзін-өзі тану» пәні арқылы мұғалімнің кәсіби стандарт талаптарына сәйкес қызмет бағытын жетілдіру» тақырыбында баяндама жасады (ғылыми жетекшісі Нурланова Айгерим Куандыковна, п. ғ. к., педагогика пәнінің оқытушысы).
Республикалық онкүндік «Өзін-өзі тану: сүйіспеншілік жолындағы миссия» халықаралық форумымен аяқталды. Аталған форум Сара Алпысқызы Назарбаева туралы «Сүйіспеншілік нұрынан жаралған...» атты мерейтойлық фильмімен басталды.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова, «Бөбек» ҰҒПББСО Бас директоры Елена Сакенова және «Адамның үйлесімді дамуының Ұлттық институты» президентінің міндетін атқарушы Ирина Калачева форумның қатысушыларына құттықтау сөз сөйледі.
Форум жұмысына ШҚО білім басқармасының, ШҚО кәсіптік білім беру орталығының өкілдері, колледж директорлары, сондай-ақ, «Өзін-өзі тану» пәнінің оқытушылары да қатысты.
Іс-шаралар барысы туралы барлық ақпарат ШҚО колледждерінің интернет-ресурстары мен әлеуметтік желілерінде орналастырылды. «Өзін – өзі тану» - сүйіспеншілік және шығармашылық педагогикасы» республикалық онкүндігінің қорытындысы бойынша барлығы 7 мыңнан астам студент қамтылды.