«Өзін-өзі тану»: сүйіспеншілік жолындағы миссия» халықаралық форумы

«Өзін-өзі тану»: сүйіспеншілік жолындағы миссия» халықаралық форумы

2021 жылғы 11 ақпанда ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетімен    «Өзін-өзі тану – махаббат пен шығармашылық педагогикасы» іс-шаралар жоспары шеңберінде онлайн режимде «Өзін-өзі тану»: сүйіспеншілік жолындағы миссия» халықаралық форумы өткізілді.

Форумның мақсаты «Өзін-өзі тану» бағдарламасын жүзеге асырудағы қазақстандық және шетелдік тәжірибені таныстыру, рухани-адамгершілік білім беруді одан әрі дамыту перспективаларын талқылау, «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасында белгіленген жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде білім беруді дамыту идеясын жүзеге асырудағы халықаралық әріптестікті кеңейту болып табылады.

Форум жұмысына ШҚО кәсіптік білім беру орталығының өкілдері, колледж директорлары, сондай-ақ «Өзін-өзі тану» пәнінің оқытушылары қатысты.