
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2019 жылғы 26 қарашадағы «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» №509 бұйрығын басшылыққа ала отырып Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы 2021 жылғы 11 ақпанда 2020-2021 оқу жылында орыс тілі және әдебиеті пәні бойынша 9 сынып оқушыларын қорытынды аттестаттауға даярлаудағы ұйымдастырушылық мәселелері мен дайындау алгоритмі бойынша онлайн-семинар өткізді.
Онлайн-семинарға облыстың 100 педагогі қатысты: «Орыс тілі және әдебиеті» пәні қауымдастығының төрағалары, облыстың білім беру ұйымдарының және мамандандырылған білім беру ұйымдарының (қазақ және орыс тілдерінде оқытатын) пән мұғалімдері.
Оқыту мазмұны және білім беру сапасы мониторингі кабинетінің әдіскері А.Ж.Кантаева семинар тыңдаушыларын орта білім беру ұйымдарында 9 сынып оқушыларына қорытынды аттестаттауды жүргізу тәртібі жайлы нұсқаулығымен таныстырып, ҚР БҒМ–нің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 негізгі бұйрығына өзгерістері және толықтыруларымен 2019 жылғы 26 қарашадағы №509 бұйрық бойынша шолу түсіндірмесін берді.
Жұмыс тобының мүшелері Семей қаласы «№23 жалпы білім беретін мектеп» КММ орыс тілі және әдебиеті мұғалімі К.К.Майжанова (қазақ тілінде оқитын мектептер үшін), және пән мұғалімдері Ассоциациясының төрайымы Өскемен қаласы «№ 10 мектеп-гимназия» КММ орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Л.А.Фоминых (орыс тілінде оқитын мектептер үшін) жаңартылған білім мазмұны аясында «Орыс тілі және әдебиеті» пәні бойынша емтихан тапсырмалары ерекшеліктерімен таныстырды. Мұғалімдерге емтихан жұмыстары, бағалаудың міндеттері және көрсеткіштері бойынша түсіндірме берілді. Оқу бағдарламасының бөлімдері бойынша тапсырмалар үлгісі мен балл шығару талаптары көрсетілді. Семинарға қатысушылармен бірлесе отырып емтихан материалдары мазмұнына іріктеу жүргізілді.
Семинардан пән мұғалімдері жаңартылған білім мазмұны шарттарында негізгі құзіреттіліктерді қалыптастыруға ықпал ететін практикалық әдіс – тәсілдер және құнды, тиімді кеңестер алды.
Семинар қатысушылары аталған іс-шараның маңыздылығын атап өтті, кері байланыс сындарлы болды. Семинар қатысушыларына қалыптастырушы және жиынтық бағалау кезінде қорытынды аттестациялау тапсырмаларын пайдаланып, ұқсас тапсырмаларды құрастырып, сабақтарына кіріктіру жөнінде ұсыныс жасалды.