
ШҚО білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы 2021 жылдың 11ақпанында психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерінің логопед, дефектолог, психологтеріне арналған «Психологиялық - педагогикалық түзеу кабинеті жағдайындағы ерекше білімділік қажеттіліктері бар балалармен тиімді әдістемелер және жұмыс тәсілдері» тақырыбында облыстық онлайн-семинар өткізді.
Іс-шараның мақсаты - психолог-педагогикалық түзеу кабинеттерінің мамандарына әдістемелік көмек көрсету, қашықтықтан оқыту түрінде білім беру ортасы үшін жағдай жасау.
Онлайн-семинар барысында психологиялық - педагогикалық түзеу кабинетінің меңгерушісі Л.С. Мехова және әдіскер Е.А. Гречишкина, ШҚО ББ Риддер қаласының ППТК мамандары Е.А. Савельева, Г.Ж. Дюсенова және М.А. Банникова, ШҚО ББ Үржар ауданының ППТК меңгерушісі А.Б.Ахмадиева және педагог-психологыА.К. Муканова, ШҚО ББ Семей қаласының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің меңгерушісі М.Г.Якупова және тәрбиеші Г.Е.Смагулова жұмыс тәжірибесімен бөлісті.
Іс-шараға облыстың ППТК 78 маманы қатысты. Қатысушылар ерекше балалармен жұмыс істеудің заманауи инновациялық тиімді әдістерін, тәсілдері мен технологияларын енгізу бойынша ППТК жұмысының тиімділігін талқылады.
Онлайн-семинар аясында ППТК жағдайында ерекше білімділік қажеттіліктері бар балалармен жұмысқа арналған әдістемелік құралдар көрсетілді.