
2021 жылғы 5 ақпанда ШҚО кәсіптік білім беру орталығы математика және физика пәндері оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмыс жоспарына сәйкес Р. Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжімен бірлесіп ТжКБ жүйесі оқу орындарының математика және физика пәндері оқытушыларының арасында өткізілген «Үздік бейнесабақ» облыстық қашықтан байқауының қорытындысын шығарды. Қашықтан өткізілген байқауға ТжКБ ұйымдарының 30-ға жуық оқытушысы қатысты.
Байқаудың мақсаты: бірыңғай ақпараттық білім беру кеңістігінде педагогтердің ақпараттық-коммуникациялық және технологиялық құзыреттілігін арттыру, педагогтердің үздік бейнесабақтар банкін толықтыру.
Байқау қорытындысы бойынша 5 оқытушы жүлделі орындарды иеленді.
І орын иеленген - Шенер М.И. (Үржар колледжінің физика пәні оқытушысы);
ІІ орын иеленгендер - Нургалиева А.М. (Өскемен көпсалалы технология колледжінің физика пәні оқытушысы), Васильева Г.П. (Шығыс Қазақстан технология колледжінің математика пәні оқытушысы);
ІІІ орын иеленгендер – Богаева Н.В. (Глубокое техникалық колледжінің физика және математика пәндері оқытушысы), Машпиев А.У. (Шығыс Қазақстан технология колледжінің физика пәні оқытушысы).
Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз!