Жас педагогтерге арналған «Тиімді сабақты жоспарлау неден басталады?» кезекті онлайн- кездесу

Жас педагогтерге арналған  «Тиімді сабақты жоспарлау неден басталады?»  	кезекті онлайн- кездесу

2021 жылдың 3 ақпанында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы мен «Педагогикалық шеберлік орталығы» ЖМ Өскемен қаласындағы филиалының ұйымдастыруымен жылдық жоспарға сәйкес үш жылға дейін педагогикалық еңбек өтілі бар  жас педагогтерге арналған «Тиімді сабақты жоспарлау неден басталады?» тақырыпта кезекті онлайн-кездесу өткізілді.

Шараның мақсаты – Шығыс Қазақстан облысының жас мамандарының білім беру ұйымдарына кәсіби бейімделуіне әдістемелік көмек және білім беру жүйесіндегі кадрлардың өсуіне қолдау жасау.

Кездесу барысында Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының тренерлері – Е.А.Марченко, Д.А. Адильжанова, К.К. Бурунбетова МІRO тақтасын қолдану арқылы педагогтермен сабақтың сараланған мақсаттарын әзірлеу тәсілдерін, күрделі оқу мақсаттарына сабақтың сараланған мақсаттарын анықтаудың тиімді жолдарын талқылады.

Шараға облыстың білім беру ұйымдарынан қатысқан 500-ден аса жас маман өздерінің кәсіби дамуына қажетті сұрақтар бойынша көптеген тың мәліметтер алып, өзекті мәселелерді талдауда белсенділік танытты.

Жас педагогтер үшін қосымша мәселелерді талқылау мақсатында құрылған телеграмм каналына сұрақ және пікір жазу ұсынылды.

Жас педагогтерге әдістемелік қолдау көрсету мақсатындағы кезекті үшінші кездесу ағымдағы жылдың наурыз айында жалғасын табады.