«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын оқу-тәрбие үдерісіне интеграциялау» пилоттық жобасының нәтижелері: тәжірибе мен даму мүмкіндіктері» облыстық онлайн семинар-практикумы

«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын оқу-тәрбие үдерісіне интеграциялау» пилоттық жобасының нәтижелері: тәжірибе мен даму мүмкіндіктері» облыстық онлайн семинар-практикумы

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес 2021 жылғы 3 ақпанда аудандық, қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлеріне, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына, өзін-өзі тану мұғалімдеріне және ата-аналарға арналған «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын оқу-тәрбие үдерісіне интеграциялау» пилоттық жобасының нәтижелері: тәжірибе мен даму мүмкіндіктері» облыстық онлайн семинар-практикумы өтті. Семинар ZOOM платформасында және Youtobe Fasebook Instagram желілерінде тікелей эфирде көрсетілді.

Облыстық онлайн семинар-практикумның мақсаты: Жарма ауданы, Қалбатау аулының «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік бағдарламасын іске асырудың пилоттық жобасы бойынша жұмыстарды қорыту және тарату, рухани-адамгершілік тәрбие саласындағы білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне әдістемелік қолдау көрсету.

Онлайн семинар-практикум 4 бағыт бойынша жұмыс істеді:

  1. Жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде басқарушылық және әдістемелік жұмыстар.
  2. Жалпыадамзаттық құндылықтарды оқу пәндерінің мазмұнына интеграциялау.
  3. Жалпыадамзаттық құндылықтарды оқудан тыс іс-әрекетке және қосымша білім беруге интеграциялау.
  4. Жалпыадамзаттық құндылықтарды негізінде ата-анамен жұмыс.

Семинардың пленарлық және секциялық отырыстарында педагогтер, білім алушылар, ата-аналар «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын оқу-тәрбие үдерісіне интеграциялау бойынша жұмыс тәжірибелерімен бөлісті.