
2021 жылғы 2 ақпанда ШҚО ББ «Шығыс» өңірлік орталығы «Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық конкурсына қатысатын педагогтерге арналған әдістемелік ұсынымдар мен кеңестер» тақырыбында облыстық онлайн-семинарын өткізді.
Семинардың мақсаты – «Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық байқауына дайындық кезеңдері мен қатысу бойынша педагогикалық қызметкерлер мен білім беру ұйымдарына әдістемелік кеңес беру.
Аталған іс-шараға аудандық, қалалық әдістемелік кабинеттердің меңгерушілері, облыстың білім беру ұйымдарының директорлары мен директорлардың оқу- тәрбие жөніндегі орынбасарлары қатысты.
Семинар барысында байқаудың облыстық кезеңінің комиссия мүшелері С. Аманжолов атындағы ШҚУ педагогикалық білім беру және менеджмент кафедрасының оқытушысы п.ғ. к., доцент Қасентаева Қарлығаш Оразбекқызы мен Өскемен қаласы әкімдігінің «Ш.Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейі» КММ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Жағықпанова Майра Даукенқызы сөз сөйледі. Семинарға қатысушылардың назарын инновациялық идеялар, конкурс туралы ережеге сәйкес материалдар ұсыну, зерттеу қажеттілігіне және оқу процесіне жобаларды енгізу, апробациялау және оның нәтижелілігіне аударды.
Семей қаласының «№29 орта мектебі» КММ география пәнінің мұғалімі «Педагогикалық идеялар фестивалі – 2020» республикалық байқауының жүлдегері, Кизатаева Гульнур Нурбековна ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушылардың практикалық дағдыларын дамыту үшін география сабақтарында АКТ-ны қолдану, тәжірибесі бойынша өз жобасымен бөлісті.