«МЕЙРІМДІЛІК ЖАСАУҒА АСЫҒЫҢЫЗ» ОБЛЫСТЫҚ ҚАШЫҚТЫҚТАН ӨТКІЗІЛГЕН БАЛАЛАР СУРЕТТЕРІ БАЙҚАУЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

«МЕЙРІМДІЛІК ЖАСАУҒА АСЫҒЫҢЫЗ» ОБЛЫСТЫҚ ҚАШЫҚТЫҚТАН ӨТКІЗІЛГЕН БАЛАЛАР СУРЕТТЕРІ БАЙҚАУЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

2021 жылғы 26 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың   Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы «Мейрімділік жасауға асығыңыз» облыстық қашықтықтан балалар суреттері байқауының өткізілген қорытындысын шығарды.

Байқаудың мақсаты: қазіргі қоғамның үйлесімді дамыған тұлғасын тәрбиелеу, балаларда адамгершілік, руханилықты қалыптастыру, қоршаған әлемге жақсы сезімдер көрінісінің маңыздылығын сезіну, республикалық ауқымдағы шығармашылық жобаларға қатысу арқылы жалпы адамзаттық құндылықтар: махаббат, мейірімділік туралы білімді қалыптастыру.

Қашықтықтан өткізілген «Мейрімділік жасауға асығыңыз» балалар суреттері байқауының облыстық кезеңінде қосымша білім беру ұйымдарынан 23 оқушы қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша 12 оқушы жүлделі орындарды иеленді.

I орын иеленгендер – Евдокина Авелина (Риддер қаласы), Мирзянова Алиса (Өскемен қаласы);

II орын иеленгендер – Сидоркина Елизавета (Риддер қаласы), Ерланқызы Аружан (Өскемен қаласы), Романенко Виктория (Шемонаиха ауданы), Соколова Марина (Шемонаиха ауданы), Кайсенова Алина (Семей қаласы), Клейн Виолета (Жарма ауданы);

III орын иеленгендер – Берікқали Ұлжан (Семей қаласы), Ануарбек Дарын (Жарма ауданы), Ярославцева Алена (Риддер қаласы), Шильцова Дарья (Риддер қаласы).

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға шығармашылық шабыт пен сәттілік тілейміз!