«Шағын жинақты мектептердегі білім беру үдерісі: мәселелер, тәжірибе, инновациялар» өңірлік онлайн-форумы

«Шағын жинақты мектептердегі білім беру үдерісі: мәселелер, тәжірибе, инновациялар» өңірлік онлайн-форумы

2021 жылдың 27 қаңтарында  Павлодар облысы білім беру басқармасының «Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы» КММ ұйымдастыруымен «Шағын жинақты мектептердегі білім беру үдерісі: мәселелер, тәжірибе, инновациялар» өңірлік форумы  өтті.

Форумның мақсаты: шағын жинақты мектептегі білім беру үдерісін жетілдіру, ауылдық мектептерде білім сапасын арттыру үшін оқу-тәрбие үдерісін тиімді ұйымдастыру бойынша жұмыс тәжірибесімен алмасу.

Форумға Солтүстік Қазақстан, Алматы, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарының шағын жинақты мектептерінің педагогтері  қатысты.

Форум аясында пленарлық және 6 секция жұмыс жасады.

 Шығыс Қазақстан облысынан  «Шағын жинақты мектепте білім беру үдерісін басқару» бағыты бойынша Күршім ауданы білім бөлімінің шағын жинақты мектептер әдіскері  Камзина Ләззат Сағындыққызы «Тірек  мектептер: шағын жинақты мектепті даму орталығы  ретінде» баяндама жасады. Ол өз  баяндамасында ол ауыл мектептері педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін арттырудың, ресурстық орталықтар мен тірек мектептер арқылы қалалық және ауылдық педагогтер мен білім алушылар арасындағы ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Ұлан ауданы  «Қ.Қайсенов атындағы орта мектебі» КММ-нің директоры Рахымбердинов Архат Ахметоллаевич «Шағын жинақты мектептердегі білім беру үдерісін басқарудағы инновациялық қадам» тақырыбында мектепті басқарудың міндеттері мен бағыттары және қызметті ұйымдастыру ерекшеліктері туралы іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Форум соңында  ұйымдастырылған кері байланыста ШҚО ББ «Шығыс» ӨО білім беру менеджмент кабинетінің шағын жинақты мектептерді дамыту бойынша әдіскері Г.М. Бошаева форумның маңыздылығын атап, барлық қатысушыларға ризашылығын білдірді.