«Биология сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруда PISA тапсырмаларының тиімділігі» облыстық онлайн-семинары

«Биология сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруда PISA тапсырмаларының тиімділігі» облыстық онлайн-семинары

2021 жылы 26 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы жылдық жоспарға сәйкес «Биология сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруда PISA тапсырмаларының тиімділігі» облыстық онлайн-семинарын өткізді.

Семинардың мақсаты - Семей қаласы «Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназия» КММ биология пәні мұғалімі С.М. Токсеитованың озық педагогикалық тәжірибесін тарату және әдістемелік әзірлемелердің электрондық деректер банкін құру.

Іс-шараға облыстың қазақ және орыс тілде оқытатын жалпы білім беретін мектептерінен 100 биология-химия пәні мұғалімдері қатысты.

Семинар барысында «Үздік биология пәні мұғалімі-2020» байқауының жеңімпазы Токсеитова Сауле Маратовна PISA (оқушылардың білімі мен біліктілігін бағалаудың халықаралық бағдарламасы) оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруда тиімді екенін атап өтті. Оқушы құзырлылығының даму деңгейін анықтау үшін құраған PISA тапсырмаларын талдап, өз сабақтарында  қолдану әдістерін бейнежазба арқылы көрсетті. Педагог семинар қатысушыларымен бірге тегін көпфункционалды Online Test Pad қызметі мысалында PISA тапсырмаларын орындады, тапсырма түрлері мен оны орындауда оқушылардың жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын қалыптастырудағы өз тәжірибесімен бөлісті.

Семинар соңында кері байланыс ұйымдастырылды. Қатысушылар облыстық семинар тақырыбының өзектілігі мен практикалық маңыздылығын атап өтті және болашақта өз тәжірибелерінде қолдануға әдістемелік ұсыным алды.

Модератор: Нұрбекова Аяулым Нұрбекқызы, ШҚО ББ «Шығыс» ӨО оқыту мазмұны мен білім беру сапасы мониторингі кабинетінің биология пәні бойынша әдіскері.