«Полиязычие в образовании-методы и перспективы» онлайн – семинардың БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

«Полиязычие в образовании-методы и перспективы» онлайн – семинардың  БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы облыстың жалпы білім беретін мектептерінің орыс тілі және орыс әдебиеті мұғалімдері үшін жылдық жоспарына сәйкес «Полиязычие в образовании-методы и перспективы» тақырыбында онлайн - семинарын өткізеді.

Әдістемелік семинардың мақсаты - көпұлтты және көпмәдениетті ортада белсенді, бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру үдерісінде тиімді әдістер мен тәсілдерді қолдануда тәжірибе алмасу.

Семинар барысында: Өскемен қаласының «№ 11 мектеп-лицей» КММ, педагог-зерттеуші, орыс тілі және әдебиеті мұғалімі Кандаурова Светлана Александровна «Полиязычие – основа формирования поликультурной личности в рамках ОСО» тақырыбы негізінде іс-тәжірибесімен бөліседі.

Онлайн-семинар спикері қарым-қатынас барысында қазақ тілін мемлекеттік тіл, орыс тілі ұлтаралық тіл және ағылшын тілін шет тілі ретінде қолдану дағдыларын меңгертуге орыс тілі сабағында жағдай жасау жолдарының, оқушылар арасында әлеуметтік –мәдени өзара қарым-қатынас дағдыларын дамытудың тиімді әдіс-тәсілдерімен бөліседі.

Онлайн -семинар 2021 жылдың 27 қаңтарында өтеді.