
Директорлардың оқу ісі жөніндегі орынбасарларының облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмыс жоспарына сәйкес, 2021 жылғы 22 қаңтарда ШҚО кәсіптік білім беру орталығы Өскемен жоғары политехникалық колледжімен бірлесіп ШҚО ТжКБ жүйесі оқу орындары директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарларына арналған «Оқу процесін жоспарлаудағы жүйелі тәсіл» атты облыстық әдістемелік қашықтан вебинарын өткізді.
Вебинардың мақсаты - колледждің оқу-әдістемелік қызметін жүйелі жоспарлау тәжірибесін ұсыну; оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру бойынша базалық ұсыныстарды қалыптастыру.
Вебинар алаңында Өскемен жоғары политехникалық колледжі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Е. Даирбекова, директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Е. С. Екимова, директордың «Энергетика» бейіні бойынша оқу-әдістемелік бірлестігі жөніндегі орынбасары М. К. Нигметжанова өз тәжірибелерімен бөлісті.
Вебинар барысында оқу үдерісін жоспарлау және ұйымдастыру, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінде білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік жүйесін қолдану, колледжде әдістемелік жұмысты ұйымдастыру, т. б. мәселелер қаралды.
Вебинар жұмысының тиімділігін анықтау және тәжірибе алмасу мақсатында Google Forms платформасында қатысушылар арасында сауалнама жүргізілді.
Вебинар жұмысына 70-тен астам директорлардың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.
Вебинар қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға ШҚО кәсіптік білім беру орталығы мен Өскемен жоғары политехникалық колледжінің сертификаттары таратылды.