«Рухани жағыру» бағдарламасының «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасының «Ұстаз өзгерістері елшісі» республикалық жобасының «Ұстазым мақтанышым» кіші жобасын іске асыру аясында 2020 жылдың 18 қаңтарында «Шығыс» өңірлік орталығы педагогтердің шығармашылық және кәсіби өсуін ынталандыру, мұғалімдердің кәсіби шеберліктерін арттыру, заманауи инновациялық білім беру технологияларын анықтау және тарату, жаңашыл мұғалімнің құрылымдық және мағыналы моделін әзірлеуге бағытталған «Педагогикалық идеялар фестивалі» Республикалық байқаудың облыстық кезеңі өткізді.
«Педагогикалық идеялар фестивалі» Республикалық байқаудың облыстық кезеңіне 5 бағыт бойынша: «Білім беру жүйесіндегі менеджмент»; «Шеберлік палитрасы»; «Шығармашыл толқын»; «Сабақ аяқталған соң...»; «Психологиялық сандықша» ұйымдастырылды. Байқауға аудандық және қалалық кезеңдерінің жеңімпаздары - 112 педагог қатысты.
Комиссия байқау қорытындысы бойынша Республикалық байқауға қатысуға жеңімпаздарды анықтады:
І. «Білім беру жүйесіндегі менеджмент» бағыты бойынша
- Стеблецова Ирина Станиславовна, Өскемен қаласы, ШҚО ББ «Дарынды балаларға арналған валеологиялық мамандандырылған мектеп кешені» КММ директордың оқу - тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;
- Курмашева Алмагуль Амантаевна, Семей қаласы «№3 ЖОББМ» КММ директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары;
- Адан Айгүл Әмірбекқызы, Зайсан ауданы «М.Ломоносов атындағы орта мектебі» КММ директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары.
ІІ. «Шеберлік палитрасы» бағыты бойынша
- Айткужинова Асия Абударовна, Семей қаласы «№19 орта мектеп» КММ математика пәнінің мұғалімі;
- Гавриленко Лариса Алексеевна, Өскемен қаласы «№9 орта мектеп» КММ информатика пәнінің мұғалімі;
- Дуанқанов Ринат Даулетбекұлы, Зайсан ауданы «Кеңсай орта мектебі» КММ информатика пәнінің мұғалімі;
- Маликов Руслан Владимирович, Өскемен қаласы ШҚО ББ «Дарынды балаларға арналған валеологиялық мамандандырылған мектеп кешені КММ информатика пәнінің мұғалімі;
- Масакбаева Сайра Сабырхановна, Семей қаласы «№31 орта мектеп» КММ математика пәнінің мұғалімі;
- Омарова Наталья Александровна, Өскемен қаласы ШҚО ББ «Облыстық мамандандырылған IT-мектеп-лицейі» музыка пәнінің мұғалімі;
- Оразалина Назым Ерболқызы, Өскемен қаласы ШҚО ББ «Облыстық мамандандырылған IT-мектеп-лицейі» ағылшын тілі мұғалімі;
- Рогачева Любовь Михайловна, Бородулиха ауданы «Владимир Комаров атындағы орта мектеп» КММ химия пәнінің мұғалімі;
- Скоробогатов Сергей Александрович, Өскемен қаласы «№26 орта мектеп» КММ математика пәнінің мұғалімі;
- Хасенбаева Маржан Мырзабекқызы, Зайсан ауданы «М.Ломоносов атындағы орта мектеп» КММ қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі:
- Чушекова Айман Ахметовна, Семей қаласы «Б.Момышұлы атындағы №34 орта мектеп» КММ қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі;
- Бәшенова Айнұр Дәуітбекқызы, Семей қаласы «№37 орта мектеп» КММ химия пәнінің мұғалімі;
- Бақытқызы Куляш, Тарбағатай ауданы «Жаңаталап орта мектебі» КММ физика пәнінің мұғалімі;
- Кокчаева Жанар Мизамиевна, Өскемен қаласы «Шығыс Қазақстан облыстық спорттағы дарынды балаларға арналған олимпиада резервінің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» КММ қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі;
15.Ардашев Мақсат Адилхамитович, Аягөз ауданы «№4 аралас жалпы орта білім беретін мектеп» КММ денешынықтыру пәнінің мұғалімі.
ІІІ. «Шығармашыл толқын» бағыты бойынша
- Андрианова Нина Викторовна, Бесқарағай ауданы «Борас орта мектеп-бақшасы» КММ тәрбиеші;
- Табарикова Инна Викторовна, Бородулиха ауданы «Владимир Комаров атындағы орта мектеп» КММ бастауыш сынып мұғалімі;
- Оспанова Галия Нурахметовна, Семей қаласы «Erudit Kids» КМҚК балабақша тәрбиешісі;
- Строкатова Алла Владимировна, Өскемен қаласы «№12 орта мектеп» КММ шағын кешен орталығының тәрбиешісі;
- Белянцева Татьяна Анатольевна, Семей қаласы «№28 орта мектеп» КММ бастауыш сынып мұғалімі;
- Биғазиева Дария Қымбатқазықызы, Үрджар ауданы «Абай атындағы мектеп-балабақша кешені» КММ бастауыш сынып мұғалімі.
- «Сабақ аяқталған соң......» бағыты бойынша
- Сүйіндінова Жанна Ризабекқызы, Өскемен қаласы «№48 қосымша білім беру мектеп-орталығы» КММ бастауыш сынып мұғалімі;
- Журавлева Ирина Борисовна, Шемонаиха ауданы «Шемонаиха ауданы әкімдігінің өнер мектебі» КМҚК бейнелеу өнерінің оқытушысы.
- «Психологиялық сандықша» бағыты бойынша
1 Орынбекова Айгерим Қайратқызы, Семей қаласы «№17 ЖОББМ» КММ педагог-ассистенті;
- Жагипарова Айгерим Бакытовна, Семей қаласы «Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназия» КММ педагог-психолог.
Ережеге сәйкес облыстық кезеңнің жеңімпаздары «Педагогикалық идеялар фестивалі» Республикалық конкурсқа қатысады.
Шығыс Қазақстан облысының намысын қорғаушы-әріптестерімізге сәттілік!