Облыстық «Биология сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруда PISA тапсырмаларының тиімділігі» онлайн-семинарының БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Облыстық «Биология сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруда PISA тапсырмаларының тиімділігі»  онлайн-семинарының  БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығының жылдық жоспарына сәйкес «Үздік биология пәні мұғалімі-2020» байқауының жеңімпазы Токсеитова Сауле Маратовна Семей қаласы, «Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназия» КММ жоғары санатты биология пәні мұғалімінің іс-тәжірибесін тарату мақсатында облыстың жалпы білім беретін мектептерінің биология-химия пәні мұғалімдері үшін «Биология сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруда PISA тапсырмаларының тиімділігі» облыстық онлайн-семинарын өткізеді.

Семинардың мақсаты - биология пәні мұғалімі С.М. Токсеитованың озық педагогикалық тәжірибесін тарату және әдістемелік әзірлемелердің электрондық деректер банкін құру.

Өтетін мерзімі: 26 қаңтар 2021 жыл, сағат 15.00-де қазақ және орыс тілінде оқытатын мектептер үшін.