
2021 жылдың 21 қаңтарында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығының жылдық жоспарына сәйкес облыстың жалпы білім беретін мектептерінің тарих, қазақ тілі, география және музыка пәндері мұғалімдері үшін «Үздік өлкетану сабағы-2020» облыстық байқауының жеңімпаздарының тәжірибесін тарату мақсатында «Өлкетану» пәнін оқытудың ғылыми-әдістемелік тәсілдері» облыстық онлайн-панорамасы өткізілді.
Онлайн-панорамада облыстық байқаудың жеңімпаздары:
Ахметжанова Гүлназ Каматаевна, педагог- зерттеуші, Зайсан қаласы, «Ю. Гагарин атындағы орта мектеп» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі «Өлкеміздің керемет ғимараттары»;
Ләззат Маутхан, педагог-зерттеуші, Өскемен қаласы «Шәкәрім атындағы №1 орта мектебі» КММ тарих пәні мұғалімі «Біздің айналамыздағы тарихи ескерткіштер»;
Арманова Айдана Арманқызы, педагог-модератор, Зайсан ауданы, «Жамбыл атындағы негізгі орта мектебі» КММ география пәні мұғалімі «Өлкеде өсетін өсімдіктердің түрлері мен қасиеттері»;
Тукпиева Ансаган Ибраевна Тарбағатай ауданы, «Ғ.Мүсірепов атындағы орта мектебі»КММ музыка пәнінің мұғалімі «Туған өлке симфониясы» тақырыбындағы сабағы бойынша өлкетануды оқытуда аймақтық компонентті пайдаланудағы тиімді тәсілдерімен бөлісті.
Онлайн-панорама соңында кері байланыс ұйымдастырылды. Қатысушылар қойылған сұрақтарына жауап алды.
Іс-шараға облыстың жалпы білім беретін мектептерінің 100-ден астам тарих, қазақ тілі, география және музыка пәндері мұғалімдері қатысты.