
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы «Шығыс» өңірлік орталығы «2020-2021 оқу жылына арналған білім алушылардың пәндік білімі және жалпы оқу дағдыларындағы олқылықтарды қалпына келтіру» жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында 2021 жылғы 20 қаңтар күні облыстың жалпы білім беру ұйымдарының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне арналған «Қашықтан оқыту жағдайында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен білім олқылықтарын жою жолдары» онлайн - тәжірибе алаңын өткізді.
Әдістемелік тәжірибе алаңының мақсаты – мектепте қашықтан оқыту кезінде оқушылардың білімдегі олқылықтары мәселелері бойынша тәжірибе алмасу, қашықтан оқыту барысында оқушылардың оқу үлгірімін жоғарылатуға бағытталған педагогикалық әдіс – тәсілдерді қалыптастыру.
Тәжірибе алаңында Тарбағатай ауданы, «Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог - зерттеуші Баймулдинова Динара Оралхановна «Қашықтан оқу кезінде оқу үрдісін ұйымдастыру»;
Көкпекті ауданы, «Ж. Шайжүнісов атындағы орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог - зерттеуші Шакербекова Дарига Амантаевна «Қашықтан оқыту кезінде қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында тиімді тәсілдерді қолдана отырып білім олқылықтарын жою жолдары»;
Аягөз ауданы, "№5жалпы білім беретін орта мектеп" КММ аудандық пән ассоциациясының жетекшісі, педагог - зерттеуші Джуматаева Амангайша Омаргазиновна «Қашықтан оқыту кезінде тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқушы білімін арттыру»;
Аягөз ауданы, «№3 жалпы орта білім беретін аралас мектеп" КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог - зерттеуші Кошкенбаева Меруерт Амановна «Жазылымдағы олқылықтардың алдын алу» тақырыбында қашықтан оқыту барысында оқушылардың білімдегі олқылықтарын жою бойынша өз іс – тәжірибелерімен бөлісті.
Тәжірибе алаңы аясында қатысушылар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің №548 бұйрығына сәйкес 5 оқушыға дейін жеке консультациялар өткізу арқылы білім олқылықтарының орнын толтырудың жолдары туралы пікір алмасты.
Тәжірибелік алаң соңында кері байланыс ұйымдастырылып, қатысушылар шараның маңыздылығын атап өтті.
Аталған шараға аудан, қалалардың жалпы орта білім беру ұйымдарынан пән мұғалімдері, ассоциация жетекшілері мен білім бөлімдерінің әдіскерлерінен құралған 100 адам қатысты.
Жауапты: Оқыту мазмұны және білім беру сапасы мониторингі кабинетінің әдіскері Сабиева Р.С.