«Қашықтықтан оқыту үрдісіндегі тәрбие жұмысының ұйымдастыру формасы » облыстық онлайн – семинар

«Қашықтықтан оқыту үрдісіндегі тәрбие жұмысының ұйымдастыру формасы » облыстық онлайн – семинар

2021 жылдың 14 қаңтарында ШҚО білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес қалалық, аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлеріне, директорлардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына, аға тәлімгерлерге, педагог-ұйымдастырушыларға және сынып жетекшілеріне «Қашықтықтан оқыту үрдісіндегі тәрбие жұмысының ұйымдастыру формасы» тақырыбында облыстық онлайн-семинар өткізді.

Іс-шараның мақсаты – қашықтықтан оқыту кезіндегі педагогтерге әдістемелік қолдау көрсету, инновациялық тәжірибелерді жинақтау және тарату.

Семинар-практикумда «Семей қаласындағы                                    физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің» директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Абылкасимова Лариса Оралбековна, мектептің педагог-ұйымдастырушы-кураторлары: Орунханова Гульмира Какимовна, Султаева Нургуль Нурбековна, Соболева Анастасия Николаевна, Сексенбаева Аклима Мэлсовна, Ибрагимова Алмагуль Мергазиновна, Жакеева Гульнур Балташевна және Өскемен қаласының «Педагогикалық шеберлік орталығының» әдіскері: Усенова Дидар Эрнстовна өз іс тәжірибелерімен бөлісті.

Шараға облыстың білім беру ұйымдарының 300-ден астам педагог қызметкерлері қатысты.

Семинар соңында кері байланыс ұйымдастырылып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берілді.

Модератор: Кубентаева Ардак Курмангазиновна, ШҚО ББ «Шығыс» ӨО тәрбие жұмысы бойынша кабинетінің меңгерушісі м.а.