
2021 жылдың 8 қаңтарында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы қысқы каникул кезіндегі ісшаралар жоспарын жүзеге асыру барысында облыстағы жалпы білім беретін мектептер мұғалімдеріне арналған «Дене шынықтыру» пәні бірлестіктерінің жұмысы шеңберінде «Білім беру ұйымдарының жаңартылған білім мазмұны жағдайында дене шынықтыру сабақтарында қашықтықтан оқытудың дәстүрлі емес тәсілдері» онлайн-семинар өткізді.
Семинардың мақсаты - білім мазмұнын жаңарту жағдайында «Дене шынықтыру» сабақтарын қашықтан оқыту бойынша тәжірибе алмасу.
Онлайн-семинар барысында білім беру мазмұнын жаңарту курстарының тренері, педагог-зерттеуші, Өскемен қаласының «№36 орта мектебі» КММ дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Шостко Сергей Евгеньевич «Развитие физических качеств при дистанционном обучений на уроках физической культуры» тақырыбында жұмыс тәжірибесімен бөлісті.
Шараға облыстың жалпы білім беретін орта мектептерінің 100-ден аса дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері қатысты.
Семинар соңында кері байланыс ұйымдастырылып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берілді.