
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы және Өскемен қаласы «Педагогикалық шеберлік орталығы» ЖМ филиалы бірлесіп 2021 жылы 8 қаңтарда ZOOM және YOUTUBE платформалары арқылы қашықтық форматта «Мектепке дейінгі ұйымдарда тиімді оқыту әдістері-білім сапасын арттыру тәсілі ретінде» тақырыбында онлайн-форум өткізді.
Форумның мақсаты: Мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытудағы жаңа тәсілдерді қолдану бойынша мектепке дейінгі ұйымдар тәрбиешілерінің тәжірибесін талдау үшін ұйымдастырушылық-әдістемелік жағдай жасау.
Форумға облыстық, қалалық және аудандық әдістемелік орталықтардың/кабинеттердің мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің басшылары мен қызметкерлері, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» Нұр-Сұлтан қаласындағы балабақша өкілдері, ШҚО мектепке дейінгі орталықтардың басшылары мен қызметкерлері қатысты.
Форумға облыстың аудандық, қалалық білім бөлімдері мен мектептерінен мектепке дейінгі ұйымдарының 1900-ге жуық педагогтері қатысты.
Форум барысында мектепке дейінгі ұйым педагогтарының шеберлік сыныптары ұсынылды.
Форум қорытындысы бойынша кері байланыста қатысушылар форумның жоғары деңгейде өткенін атап өтіп, ризашылықтарын білдірді.
Форум материалдары порталға орналастырылып, облыстық және қалалық білім басқармаларына және облыстық білім беру ұйымдарына жіберілді.