«Заманауи шарттарында қашықтан оқытудың ерекшеліктері мен басымдығы» онлайн - әдістемелік алаңы

«Заманауи  шарттарында қашықтан оқытудың ерекшеліктері мен басымдығы» онлайн - әдістемелік алаңы

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы 2021 жылдың 08 қаңтарында облыстың орыс тілінде оқытатын жалпы білім беретін мектептерінің орыс тілі және орыс әдебиеті мұғалімдері үшін  «Заманауи  шарттарында қашықтан оқытудың ерекшеліктері мен басымдығы» тақырыбында  онлайн әдістемелік алаңын өткізді. Аталған әдістемелік алаңға аудан, қала, облыстық білім ұйымдарынан әдіскерлерден,  ассоциация төрағаларынан, мұғалімдерден құралған 100 адам қатысты.

Әдістемелік алаңның мақсаты – орыс тілі және әдебиеті пәні бойынша қашықтан оқыту барысында оқу үдерісін ұйымдастыруда  оқытудың  заманауи тиімді педагогикалық әдіс- тәсілдерімен бөлісу.

Онлайн-алаңда Глубокое ауданы «Предгорная орта мектеп-бақшасы» КММ мұғалімі, педагог-зерттеуші  Зульфия Гильмановна Кадирова, «Использование маршрутных листов при дистанционном обучении- залог успешной работы; Өскемен қаласы әкімдігі «№ 36 орта мектебі» КММ мұғалімі, педагог-зерттеуші  Ольга Андреевна Климентьева «Организация дифференцированного онлайн-обучения: инструменты и технологии» тақырыптарында іс-тәжірибелерімен бөлісті.  

Кері байланыс барысында  қатысушылар  қашықтан оқыту барысында оқу үдерісін ұйымдастыруда  әдістемелік алаңның пайдалы, мазмұнды болғанын, жұмыс жасау үшін жаңа тиімді  онлайн- алаңдары және технологияларымен танысқандарын атап өтті.