«Қашықтан оқыту жағдайында оқушылардың білімдегі олқылықтарын жою жолдары» онлайн - әдістемелік алаңы

«Қашықтан оқыту жағдайында оқушылардың білімдегі олқылықтарын жою жолдары» онлайн - әдістемелік алаңы

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы 2021 жылдың 08 қаңтарында облыстың қазақ тілінде оқытатын жалпы білім беретін мектептерінің орыс тілі және орыс әдебиеті мұғалімдері үшін  «Қашықтан оқыту жағдайында оқушылардың білімдегі олқылықтарын жою жолдары» тақырыбында  онлайн әдістемелік алаңын өткізді. Аталған әдістемелік алаңға аудан, қала, облыстық білім ұйымдарынан әдіскерлерден,  ассоциация төрағаларынан, мұғалімдерден құралған 100 адам қатысты.

Әдістемелік алаңның мақсаты – мектепте қашықтан оқыту кезінде оқушылардың білімдегі олқылықтары  мәселелері бойынша тәжірибе бөлісу, қашықтан оқыту барысында оқушылардың уәжі мен үлгерімін жоғарылату құралы ретінде сабақ үстінде  кері байланыс үшін жағдай жасау, оқу үдерісін ұйымдастыруға бағытталған педагогикалық әдістер мен тәсілдерді қалыптастыру.

Онлайн-алаңда Семей қаласының «№ 19  орта мектебі» КММ мұғалімі, зерттеуші педагог Бакыт Хусатаевна Кузбаева «Как предупредить неуспеваемость на уроках русского языка»; Өскемен қаласы әкімдігі «№ 35 орта мектебі» КММ мұғалімі, зерттеуші педагог  Гульжан Жумакановна Утеева «Работа по повторению и ликвидации пробелов в знаниях обучающихся на урокак русского языка» тақырыптарында іс-тәжірибелерімен бөлісті.  

Әдістемелік алаң соңында қатысушылар тақырып бойынша ой бөлісіп, әдістемелік алаңның маңыздылығын атап өтті.