Жас педагогтерге арналған «Заманауи сабақты жоспарлаудың маңызды аспектілері» жаңа жылдық педагогикалық сет

Жас педагогтерге арналған  «Заманауи сабақты жоспарлаудың маңызды аспектілері»  жаңа жылдық педагогикалық сет

2021 жылдың 6 қаңтарында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы мен «Педагогикалық шеберлік орталығы» ЖМ Өскемен қаласындағы филиалының ұйымдастыруымен 2020-2021 оқу жылының қысқы демалыс кезіндегі ісшаралар жоспарын жүзеге асыруда үш жылға дейін педагогикалық еңбек өтілі бар  жас педагогтерге арналған «Заманауи сабақты жоспарлаудың маңызды аспектілері» тақырыпта Жаңа жылдық педагогикалық сет  өткізілді.

Шараның мақсаты – Шығыс Қазақстан облысының жас мамандарының білім беру ұйымдарына кәсіби бейімделуіне әдістемелік көмек және білім беру жүйесіндегі кадрлардың өсуіне қолдау жасау.

Педагогикалық сет «Педагогикалық шеберлік орталығы» ЖМ Өскемен қаласындағы филиалының директоры К.Б. Раисованың құттықтау сөзімен және «Шығыс» өңірлік орталығы оқыту мазмұны және білім беру сапасы мониторингі кабинет меңгерушісі Г.З. Абетаеваның  алғы сөзімен басталды.

Шара барысында Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының тренерлері – Е.А.Марченко, Д.А. Адильжанова, К.К. Бурунбетова МІRO тақтасын қолдану арқылы заманауи сабақты жоспарлаудың маңызды аспектілерімен таныстырып, қатысушылармен талқылап әдістемелік ұсынымдар берді.

Жас педагогтар үшін қосымша мәселелерді талқылау мақсатында телеграмм канал құрылып, ұсынылды.

Шараға облыстың білім беру ұйымдарынан қатысқан 500-ден аса жас маман өздерінің кәсіби дамуына қажетті сұрақтар бойынша көптеген мәліметтер алды.

Жас педагогтердің қажеттіліктеріне байланысты осындай кездесулер айына 1 рет онлайн және аудиториялық форматта ұйымдастыру жоспарланды.