
Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында Қазақстанда «Оқу мектебі» жобасы бастау алды.
«Оқу, немесе халықаралық сарапшылардың пікірінше, оқу сауаттылығы – табысты тұлғаны, бәсекеге қабілеттілікті және қазіргі қоғамда өзара іс-қимыл жасай білуді қалыптастырудың негізгі дағдыларының бірі» - деп атап өтті Білім және ғылым министрі А. Аймағамбетов.
Республикалық жобаны іске асыру аясында ШҚО білім басқармасы, Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасымен бірлесіп 6-8 сынып оқушыларына арналған «Оқы және жеңіске жет» облыстық конкурсының өткізілетіндігін хабарлайды.
Конкурс оқу мәртебесін, белсенділігін арттыру және оқу сапасын жақсарту, балалар мен жастардың мәдени және оқу құзыреттілігін дамыту, сондай-ақ өскелең ұрпақтың бойында жоғары азаматтық және рухани-адамгершілік бағдарларды қалыптастыру мақсатында өткізіледі.
Барлық ниет білдірген оқушыларды конкурсқа қатысуға шақырамыз. Конкурсқа қатысу ережесі https://www.shygysdaryn.kz/ сайтында орналасқан.
Әдебиеттер тізімі:
Кітаптарды А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапханадан немесе http://www.pushkinlibrary.kz/ru/ веб-сайтынан алуға болады.