«Қашықтан оқыту кезінде қалыптастырушы бағалау және кері байланысты тиімді жүзеге асырудағы онлайн-платформалардың мүмкіндіктері» облыстық әдістемелік онлайн-семинар

«Қашықтан оқыту кезінде қалыптастырушы бағалау және кері байланысты тиімді жүзеге асырудағы онлайн-платформалардың мүмкіндіктері»  облыстық әдістемелік онлайн-семинар

2021 жылдың 5 қаңтарында  қысқы каникул кезіндегі жұмыс жоспарын жүзеге асыру барысында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы облыстың жалпы білім беретін мектептерінің тарих пәні мұғалімдері үшін «Атамекен» қауымдастығы жұмысы шеңберінде  «Қашықтан оқыту кезінде қалыптастырушы бағалау және кері байланысты тиімді жүзеге асырудағы онлайн-платформалардың мүмкіндіктері»  әдістемелік онлайн-семинарын өткізді.

Семинардың мақсаты - қашықтан оқыту кезінде қалыптастырушы бағалау және кері байланысты тиімді жүзеге асырудағы онлайн-платформалардың мүмкіндіктерін қолдану  және  оқушылардың білімін уақытылы бағалау мен оқушылардың материалды игеру деңгейін сараптауға бағытталған педагогикалық іс-әрекеттер мен тәсілдерді қалыптастыру бойынша тәжірибе алмасу.

Әдістемелік шараға облыстың жалпы білім беретін мектептерінің 95 тарих пәні мұғалімдері қатысты.

Онлайн-семинарда қауымдастық мүшелері:

Попова Оксана Олеговна Глубокое ауданы, «Предгорное орта мектеп-балабақша кешені» КММ педагог-зерттеуші, тарих пәні мұғалімі «Использование возможностей образовательного портала «Kundelik.kz»»;

Азикенова Ольга Евгеньевна Алтай ауданы, «Алтай қаласының мектеп-лицейі» КММ педагог-модератор, тарих пәні мұғалімі «Возможности формативного оценивания с помощью доступных мессенджеров Республики Казахстан»;

Сембаева Жибек Омирбаевна  ШҚО ББ «Областық мамандандырылған IT-мектеп -лицей» КММ  жоғары санатты тарих пәні мұғалімі «Использование приложений для развития ІТ умений и формативного оценивания на платформах  «Learning Apps», «Testwizard», «Guizziz»» тақырыптарында іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Сөйлеушілер «Қазақстан тарихы», «Дүние жүзі тарихы» пәндері бойынша қашықтан оқыту жағдайында оқушылардың білімін қалыптастырушы бағалау және кері байланыс жасау үрдісін онлайн-платформалар арқылы тиімді жүргізу бойынша  сабақтың үздік үзінділерін ұсынды.

Модератор: Абраимова Бахыт Касеновна, ШҚО ББ «Шығыс» ӨО оқыту мазмұны мен білім беру сапасы мониторингі кабинетінің тарих пәні әдіскері.