«Қашықтан оқыту кезінде қалыптастырушы бағалау және кері байланысты тиімді жүзеге асырудағы онлайн-платформалардың мүмкіндіктері» әдістемелік онлайн-семинардың ҚОРЫТЫНДЫСЫ

«Қашықтан оқыту кезінде қалыптастырушы бағалау және кері байланысты тиімді жүзеге асырудағы онлайн-платформалардың мүмкіндіктері» әдістемелік онлайн-семинардың ҚОРЫТЫНДЫСЫ

2021 жылдың 5 қаңтарында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы облыстың жалпы білім беретін мектептерінің тарих пәні мұғалімдері үшін «Атамекен » қауымдастығы жұмысы шеңберінде  «Қашықтан оқыту кезінде қалыптастырушы бағалау және кері байланысты тиімді жүзеге асырудағы онлайн-платформалардың мүмкіндіктері»  әдістемелік онлайн-семинар өткізілді.

Семинардың мақсаты - қашықтан оқыту кезінде қалыптастырушы бағалау және кері байланысты тиімді жүзеге асырудағы онлайн-платформалардың мүмкіндіктерін қолдану  және  оқушылардың білімін уақытылы бағалау мен оқушылардың материалды игеру деңгейін  сараптауға бағытталған педагогикалық іс-әрекеттер мен тәсілдерді қалыптастыру бойынша тәжірибе алмасу.

Онлайн-семинарға облыстың жалпы білім беретін мектептерінің 100-ден артық тарих пәні мұғалімдері қатысты.

Онлайн-семинарда пән ассоциация мүшелері - Өскемен қаласы «№46 орта мектеп» КММ  тарих пәні мұғалімдері:

Райымханова Әсем Муратбекқызы педагог-зерттеуші «Қалыптастырушы бағалау және кері байланысты «Learning Apps.org» платформасын қолдану»;

Мусаипов Дастан Фархатұлы педагог-модератор «Қалыптастырушы бағалау және кері байланысты «Online test pad» платформасын қолдану»;

Мухамедуалиева Гульнура Тлеухановна педагог-эксперт «Қалыптастырушы бағалау және кері байланысты «Google Forms» платформасын қолдану» тақырыптарында өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Сөйлеушілер «Қазақстан тарихы», «Дүние жүзі тарихы» пәндері бойынша қашықтан оқыту жағдайында оқушылардың білімін қалыптастырушы бағалау және кері байланыс жасау үрдісін онлайн -платформалар арқылы тиімді жүргізу бойынша  сабақтың үздік үзінділерін ұсынды. Онлайн-семинар барысында қатысушы  мұғалімдер қашықтан оқыту жағдайында оқушылардың білімін қалыптастырушы бағалау және кері байланыс жасау үрдісін онлайн -платформалар арқылы тиімді жүргізу бойынша ұсыныстар алды. Баяндамашыларға сұрақтар қойып, қатысушылар тиімді платформалар туралы пікір алмасты.

Іс-шараға жауапты: Абраимова Бахыт Касеновна, ШҚО ББ «Шығыс» ӨО оқыту мазмұны мен білім беру сапасы мониторингі кабинетінің тарих пәні әдіскері.