«Қашықтан оқыту жағдайында оқушылардың білімдегі олқылықтарын жою жолдары және заманауи шарттары кезіндегі қашықтан оқытудың ерекшеліктері мен басымдығы» онлайн - әдістемелік алаңының БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

«Қашықтан оқыту жағдайында оқушылардың білімдегі олқылықтарын жою жолдары және заманауи  шарттары кезіндегі қашықтан оқытудың ерекшеліктері мен басымдығы» онлайн - әдістемелік алаңының БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы облыстың жалпы білім беретін мектептерінің орыс тілі және орыс әдебиеті мұғалімдері үшін «Орыс тілі және әдебиеті» пәні ассоциациясының жұмысы шеңберінде «Қашықтан оқыту жағдайында оқушылардың білімдегі олқылықтарын жою жолдары және заманауи шарттары кезіндегі қашықтан оқытудың ерекшеліктері мен басымдығы» тақырыбында  онлайн әдістемелік алаңын өткізеді.

Әдістемелік алаңның мақсаты - мектепте қашықтан оқыту кезінде оқушылардың білімдегі олқылықтары  мәселелері бойынша тәжірибе бөлісу, қашықтан оқыту барысында оқушылардың уәжі мен үлгерімін жоғарылату құралы ретінде сабақ үстінде  кері байланыс үшін жағдай жасау, оқу үдерісін ұйымдастыруға бағытталған педагогикалық әдістер мен тәсілдерді қалыптастыру.

Онлайн-алаңда:  

  • Семей қаласының № 19 орта мектебі, педагог-зерттеуші, орыс тілі және әдебиеті мұғалімі Бакыт Хусатаевна Кузбаева «Как предупредить неуспеваемость на уроках русского языка»;
  • Өскемен қаласы әкімдігі «№ 36 орта мектебі» КММ, педагог-зерттеуші, орыс тілі пәні мұғалімі Гульжан Жумакановна Утеева Работа по повторению и ликвидации пробелов в знаниях обучающихся на урокак русского языка»;
  • Глубокое ауданы «Предгорная орта мектеп-бақшасы» КММ, педагог-зерттеуші, орыс тілі мұғалімі Зульфия Гильмановна Кадирова, «Использование маршрутных листов при дистанционном обучении- залог успешной работы;
  • Өскемен қаласы әкімдігі «№ 36 орта мектебі» КММ, педагог-зерттеуші, орыс тілі мұғалімі Ольга Андреевна Климентьева «Организация дифференцированного онлайн-обучения: инструменты и технологии» тақырыптарында іс-тәжірибелерімен бөліседі.

Әдістемелік алаң спикерлері  орыс тілі пәні бойынша қашықтан оқыту барысында оқушылардың уәжі мен үлгерімін жоғарылату құралы ретінде сабақ үстінде  кері байланыс үшін жағдай жасау жолдарының әдіс-тәсілдерімен бөліседі.

Онлайн әдістемелік алаң 2021 жылдың 08 қаңтарында өтеді. 

Өткізу уақыты: сағат 11.00-де қазақ тілінде оқытатын мектептер үшін, сағат 13.00-де  орыс тілінде оқытатын мектептер үшін.

Модератор: ШҚО ББ «Шығыс» ӨО оқыту мазмұны мен білім беру сапасы мониторингі кабинетінің әдіскері А.Ж.Кантаева тел.:87714362727.