
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы облыстың жалпы білім беретін мектептерінің биология, химия және география пәні мұғалімдері үшін «Биология», «Химия» және «География» пәндері қауымдастықтарының жұмысы шеңберінде «Зертханалық жұмыстар арқылы оқу мен оқытудың тиімділігін арттырудың маңыздылығы» облыстық онлайн-семинарын өткізеді.
Мақсаты – қашықтан оқыту кезінде виртуалды зертхана жұмыстарын жүргізу мүмкіндігі және әдістемесі бойынша облыстың биология, химия және география пәні мұғалімдері арасында тәжірибе алмасу.
Онлайн-семинарда облыстық қауымдастық мүшелері: Чернова Алефтина Борисовна, педагог-сарапшы, Шемонаиха ауданы, «Ю. А. Гагарин атындағы № 3 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ, химия пәнінің мұғалімі; Байтулесова Айнур Айтугановна, педагог-шебер Шемонаиха ауданы, «Н.А.Островский атындағы № 1 жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы» КММ, химия пәні мұғалімі іс-тәжірибелерімен бөліседі.
Өтетін мерзімі: 8 қаңтар 2021 жыл сағат 12.00-де орыс тілінде оқытатын мектептер үшін.
Іс-шараға жауапты: Нұрбекова Аяулым Нұрбекқызы, ШҚО ББ «Шығыс» ӨО оқыту мазмұны мен білім беру сапасы мониторингі кабинетінің биология пәні бойынша әдіскері.