«Қашықтан оқыту кезінде қалыптастырушы бағалау және кері байланысты тиімді жүзеге асырудағы онлайн-платформалардың мүмкіндіктері» әдістемелік онлайн-семинардың БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

«Қашықтан оқыту кезінде қалыптастырушы бағалау және кері байланысты тиімді жүзеге асырудағы онлайн-платформалардың мүмкіндіктері» әдістемелік онлайн-семинардың БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы облыстың жалпы білім беретін мектептерінің тарих пәні мұғалімдері үшін «Атамекен» қауымдастығы жұмысы шеңберінде  «Қашықтан оқыту кезінде қалыптастырушы бағалау және кері байланысты тиімді жүзеге асырудағы онлайн-платформалардың мүмкіндіктері »  әдістемелік онлайн-семинарын өткізеді.

Семинардың мақсаты - қашықтан оқыту кезінде қалыптастырушы бағалау және кері байланысты тиімді жүзеге асырудағы онлайн-платформалардың мүмкіндіктерін қолдану  және  оқушылардың білімін уақытылы бағалау мен оқушылардың материалды игеру деңгейін сараптауға бағытталған педагогикалық іс-әрекеттер мен тәсілдерді қалыптастыру бойынша тәжірибе алмасу.

Онлайн-семинарда қауымдастық мүшелері:

Попова Оксана Олеговна Глубокое ауданы, «Предгорное орта мектеп-балабақша кешені» КММ педагог-зерттеуші, тарих пәні мұғалімі;

Азикенова Ольга Евгеньевна, Алтай ауданы, «Мектеп-лицей» КММ педагог-модератор, тарих пәні мұғалімі;

Сембаева Жибек Омирбаевна,  ШҚО ББ «Областық мамандандырылған IT-мектеп -лицей»КММ  жоғары санатты тарих пәні мұғалімі іс-тәжірибелерімен бөліседі.

Сөйлеушілер «Қазақстан тарихы», «Дүние жүзі тарихы» пәндері бойынша қашықтан оқыту жағдайында оқушылардың білімін қалыптастырушы бағалау және кері байланыс жасау үрдісін онлайн-платформалар арқылы тиімді жүргізу бойынша  сабақтың үздік үзінділерін ұсынады.

Әдістемелік онлайн-семинар 2021 жылдың 5 қаңтарында өтеді. 

Өткізу уақыты – сағат 16.00-де.

Іс-шараға жауапты: Абраимова Бахыт Касеновна, ШҚО ББ «Шығыс» ӨО оқыту мазмұны мен білім беру сапасы мониторингі кабинетінің тарих пәні әдіскері, тел.номері 87017677658.